Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында үйде душ қабылдап тұрмын деп ойлаған ер адам көшеде шешінген

Жарияланған күні:

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында ер адам көшеде шешінген. Оқиға 23 наурыз күні болған деп хабарлайды Polisia.kz.

23 наурыз күні сағат 16:00-де полицияға көшеде шешініп жатқан ер адам туралы ақпарат түскен.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел аттанған. Полицейлер өңір тұрғынының Наурызды тойлап, мас болып қалғанын анықтапты. Ер адам ішімдіктің буымен өз үйінде душқа түсіп жатырмын деп ойлап, үстіндегі киімдерін шеше бастаған екен. Алайда ол мастықтан айықтырғыш орнына жеткізілген.

Дәл сол күні Павлодар облысында тағы да бір келеңсіз жағдай орын алған. Түнгі екі шамасында тұрғындар тәртіп сақшыларына екі жігіттің подъезде дәрет сындырып тұрғанын айтып, хабар берген. Бұл жолы да жас жігіттердің мас болып, үйдің кіреберісін дәретхана деп ойлап қалғаны анықталған.

Тәртіп бұзғандарға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434 бабы бойынша (Кіші бұзақылық) әкімшілік іс қозғалған. Іс материалдары сотқа жолданды.

Еске сала кетсек, Алматыда мас ер адам көшеден өтіп бара жатқан қызға себепсіз шабуыл жасаған еді.

Бұл туралы Әсем есімді ару өз Instagram парақшасында жазды. Бойжеткеннің сөзінше, соққы арқадан жасалған, осылайша өкпесіне зақым келген.

Ол өзіне шабуыл жасаған азаматты танымайтынын айтты. Сондай-ақ ол желіде Бостандық аудандық полиция басқармасы аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғағаны туралы хабарламаның скриншотын салған.

Онда ер адамның мас күйде болғаны да айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904688-pavlodar-oblysynda-uide-dus-qabyldap-turmyn-dep-oilagan-er-adam-kosede-sesingen/