Батыс Қазақстанда ішінде адамдары бар екі көлік мұз астына түсіп кетті (фото, видео)
Жарияланған күні:

Батыс Қазақстан облысында екі бірдей көлік мұз астына түсіп кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суық суға түскен адамдарды құтқарып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 25 наурыз күні сағат 11 шамасында Ақжайық ауданы Құшұм каналындағы оқиға туралы ақпарат түскен.
"Қабыршақты ауылы маңында Mitsubishi Pajero көлігі мұз астына түсіп кетті. Оны судың астынан шығару үшін құтқарушылардың көмегі қажет болды", - дейді құтқарушылар.
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылардың көз алдында тағы бір жайт орын алған. Су астына жолаушлары бар "УАЗ Патриот" маркалы көлігі түсіп кеткен.
"Құтқарушылардың күшімен көлік салонынан екі адам құтқарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - дейді өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.

Еске сала кетсек, Атырау облысында Жайық мұзы ойылып, "Нива Шевролет" көлігі суға батып кетті. Ал жүргізуші көлігінен шығып үлгерген.
Келеңсіз жағдай 15 наурыз күні Махамбет ауылында орын алған. Жүргізуші өзеннен кесіп өтпек болған екен.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына Атыраудан 3 сүңгуір-құтқарушы жіберілген.
"Олар су астында көлікке арқан байлап, содан соң оны өзеннен сүйреп шығарды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай осы Махамбет ауданында 7 наурызда да болған: Жалғансай ауылында мұз ойылып, "Лада Гранта" көлігі Жайыққа түсіп кеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904714-batys-qazaqstanda-isinde-adamdary-bar-eki-kolik-muz-astyna-tusip-ketti-foto-video/