Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар кей жолдар жабылды
Опубликовано:

Қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанда бірқатар республикалық маңызы бар жолдар жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Телеграм арнасына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында:
Жүк және қоғамдық көліктер үшін:
1. "Самара-Шымкент" тасжолының 776-1153 шақырымында, атап айтқанда, "ЭКО ОЙЛ" ЖҚБ мен (М-32 и А-26) жол айырығы аралығындағы учаскеде.
2."Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" тасжолының 0-234 шақырымында, атап айтқанда, Қарабұтақ ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаскеде.
Автокөліктің барлық түрлері үшін
3. "Қандыағаш-Эмба-Шалқар-Ырғыз" тасжолының 3-257 шақырымында, атап айтқанда, Қандыағаш және Шалқар қалаларының аралығындағы учаскеде.
4. "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы" тасжолының 100-180 шақырымында, атап айтқанда Қандыағаш қаласы мен Шұбарқұдық ауылының аралығындағы учаскеде (учаске реконструкцияланып жатыр, "Юнисерв" ЖШС)
Қостанай облысында:
1. Жүк және қоғамдық көліктер үшін "Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" тасжолының 234-368 шақырымында, атап айтқанда, Ақтөбе облысының шекарасы мен Денисовка ауылының аралығындағы учаскеде.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Синоптиктер бүгін, 26 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904769-qolaisyz-aua-raiyna-bailanysty-respublikalyq-manyzy-bar-kei-zoldar-zabyldy/