Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Эпидахуал өткен жаздағымен ұқсас": Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілуі мүмін

Опубликовано:

Адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері әкімдікте өткен брифинг кезінде қандай жағдайда қалада карантин қатаңдатылуы мүмкін екенін айтты. Шаһар 17 күннен бері коронавирус бойынша "қызыл" аймақта тұр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сархат Бейсенованың хабарлауынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз.

"Егер жағдай ушықса, онда әрине экономикалық нысандарда белгілі бір шектеу шараларын күшейту туралы қаулы шығарылып, карантинді қатаңдату мәселесі қаралатын болады. Бұл мәселе қаладағы эпиджағдай ушықса ғана қарастырылады", - дейді спикер.

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қазіргі ахуал 2020 жылдың жазындағы жағдайға ұқсас екенін атап өтті.

"14 наурыздан бастап ауру жұқтыру көрсеткіші 24 пайызға өсті. Егер ақпан айында тәулігіне 100 коронавирус жұқтырған адам тіркелсе, қазір 25 наурызда 230 жағдайға дейін жетіп отыр.

Пандемияның өршуі кезіндегі көрсеткішпен салыстырғанда, қазіргі жағдай өткен жылғы жаздағы кезеңмен ұқсас болып отыр. Наурыз айының 25 күнінде коронавирустың жаңа 3 754 жағдайы тіркелді", - дейді ол.

Оның сөзінше, қазіргі сәтте қаладағы инфекциялық станционарларда 480 адам ем қабылдауда.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1100 адам тіркелген еді. Соның 185-і Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 237 300-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904843-epidaxual-otken-zazdagymen-uqsas-nur-sultanda-karantin-kuseitilui-mumin/

pixel