Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда батальон командиріне 10 миллион теңге айыппұл салынды

Опубликовано:

пара1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда әскери соттың үкімімен пара беруге итермелегені үшін батальон командиріне 10 миллион теңге айыппұл салынған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен онлайн-брифингте айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен әскери бөлімнің байланыс батальонының командирі М.С. Мергенбаев жымқырылған мүліктің 20 еселенген мөлшерінде жалпы сомасы 10 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ол қарамағындағыдан жоғары лауазымға тағайындау үшін шенеуніктерге пара беруге итермелеу арқылы жалпы сомасы 500 мың теңге көлемінде қаржы алды деген күдікке ілінген", – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Сонымен қатар Қорғаныс министрлігі аталмыш фактіні растап, бұл жайт 2020 жылдың қарашасында орын алғанын мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алды деген күдікке ілінген мегаполистің мобильділік басқармасы басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған еді.

Пара алды деген күдікке ілінген Ерлан Әділовке қатысты сотқа дейінгі тергеу биылғы жылдың 16 ақпанында басталған.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 2-бөлігімен іс қозғалған.

"Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды", - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Талғат Башев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904861-almatyda-batalyon-komandirine-10-million-tenge-aiyppul-salyndy/

pixel