Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда COVID-19 бен пневмониядан қайтыс болғандар саны күрт өсті

Опубликовано:

Аурухана төсегі
Көрнекі фото: Thomas Lohnes/Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 бен коронавирус белгілері бар пневмониядан бір тәулікте қанша науқас көз жұмғанын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

25 наурыздағы мәлімет бойынша коронавирустан 17 пациент, ал пневмониядан бес адам қайтыс болған.

Мұның алдында бір тәулік ішінде індеттен 14 науқас көз жұмған еді.

Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирустан 2 980, ал пневмониядан 677 адам қайтыс болды.

27 наурыздағы мәлімет бойынша, қазір республикада 22 746 адам короновирус инфекциясынан (20 331 КВИ+ және 2 415 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 434 пациент стационарда, 15 312 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

  • 342 адамның жағдайы ауыр;
  • 76 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 47 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Бұған дейін Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда коронавирустың "британдық" және "оңтүстікафрикалық" штаммдары анықталғанын мәлімдеді.

Елімізде өткен тәулікте 1485 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 238 785-ке жетіп отыр.

Еске салсақ, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына маска режимін сақтап, әлеуметтік қашықты ескеріп, адам көп жиналатын жерге бармауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904953-qazaqstanda-covid-19-ben-pnevmoniyadan-qaitys-bolgandar-sany-kurt-osti/

pixel