Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан әлем чемпиондары Нұр-Сұлтанға ұшып келді (фото, видео)

Опубликовано:

Футболшы
Фото: twitter.com/Equipe de France

Футболдан Франция ұлттық құрамасының ойыншылары Нұр-Сұлтанға ұшып келді. Көп ұзамай олар 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында біздің құрамамен кездеседі деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Антуан Гризманн, Поль Погба, Килиан Мбаппе және басқалар сияқты атақты футболшылар елордаға ұшып келді.

"Көктер" Қазақстанға алты жарым сағаттық жол жүріп жетті", – делінген Франция ұлттық құрамасының Twitter-дегі ресми аккаунтында.

Матчтың өзі "Астана Аренада" 28 наурызда сағат 19:00-де өтеді. Матч Qazsport телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Instagram-дағы ҚФФ ресми парақшасында айтылғандай, кездесу көрерменсіз өтеді. Бұл коронавирус пандемиясына байланысты.

"Жанкүйерлерге ойынды стадионнан тамашалауға рұқсат беріледі деп соңына дейін үміттендік. Жанкүйерлердің аренаға қайта оралуы жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мен Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері арасында келіссөздер соңғы сәтке дейін жүргізілді. COVID-19 індетінің таралуына жол бермеуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз", – деді федерация өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстанмен болатын матчқа келетін ойыншылардың тізімін жариялағаны туралы жазған едік.

Матчқа шақыртылғандардың тізімінде әлемдегі ең қымбат футболшылардың бірі Килиан Мбаппе мен бірнеше танымал спортшы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904956-futboldan-alem-cempiondary-nur-sultanga-usyp-keldi-foto-video/