Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар үшін отандық өндірістегі көліктерді сатып алу қолжетімді бола түспек

Опубликовано:

СарыаркаАвтоПром
Фото: Primeminister.kz

Бұдан былай қазақстандықтар үшін жаңа көлік сатып алу қолжетімді бола түспек. Осылайша еліміздің автопаркін жаңарту және республиканың кей қалаларындағы күрделі экологиялық ахуалды жақсарту мүмкіндігі де артады. Бұл бүгін Қостанайда ашылған КІА маркалы автомобиль өндірісінің іске қосылуының арқасында мүмкін болып отыр, деп жазады NUR.KZ.

Қостанайдағы "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" автомобильдер зауытының жаңа өндірістік желісін іске қосу рәсіміне Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин қатысты. Отандық жоба Кia Motors Corporation мен Еуразиялық банктың өнеркәсіптік кооперациясы аясында жүзеге асып отыр.

Көлік өндірісі
Фото: Primeminister.kz

Жаңа өндіріске артылып отырған үміт зор. Себебі, қостанайлық зауыт жоғары көрсеткіштерге ие. 2020 жылы зауыт елде өндірілетін техниканың жартысынан көбін, яғни 40 500 бірлік көлік өндірген.

Зауытта автомобильдер құрастырылып қана қоймай, сонымен бірге дәнекерлеу, лак-бояу қаптамаларын жағу секілді өзге де жұмыс түрлері жасалады.

Көлік өндірісі
Фото: Primeminister.kz

Ал бұдан былай мұнда қазақстандықтардың көңілінен шығып, танымал болып үлгерген KIA-ның Rio, Picanto, Cerato, K5, Seltos, Sportage, Sorento және Soul секілді модельдері жасалатын болады, ал келесі жылы олардың қатарын КIA Stinger, Carnival және KIA K900 модельдері толықтырмақ.

Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Валентин Морозовтың айтуынша, елде жасалған автомобильдерге сұраныс күн санап артып келеді, несиеге алынған үш көліктің екеуі Қазақстанда жасалған. Банктің автомобильді сатып алуды ғана емес, оны өндіру ісін де қаржыландыруға ұмтылып отыруының сыры осында.

Жиын
Фото: Primeminister.kz

Еуразиялық банк "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС-нің Chevrolet және KIA модельдері бойынша көлік жиынтықтарын сатып алуы үшін 30 миллиард теңге сомасында несиелік желі жасап шығарды.

KIA автомобилдерін сатып алушыларға Қазақстан үшін бірегей болып табылатын артықшылықтар қарастырылған. Өндіруші зауыт автокөлікке бес жылға дейінгі мерзімге немесе 150 мың шақырым қашықтықты жүріп өткенге дейін кепілдік береді. Бұл KIA автомобильдерін сатып алуға деген құлшынысты арттыратыны сөзсіз.

СарыаркаАвтоПром
Фото: Primeminister.kz

"Киа Моторс Ресей және ТМД" ЖШҚ президенті Чжин-Ха Ким мырзаның айтуынша, Қазақстан автоконцерн ісін дамыта түсу үшін басымдық беріліп отырған өңірлердің бірі. Ал жаңа өндіріс орнының іске қосылуы тұтынушылар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Бұл үшін KIA жоғары сапалы қызметтер ұсынуға дайын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904962-qazaqstandyqtar-usin-otandyq-ondiristegi-kolikterdi-satyp-alu-qolzetimdi-bola-tuspek/

pixel