Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Алматыдағы қатаң карантин мерзімі ұзартылды

Опубликовано:

Тұрғындар
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қатаң карантиндік шараларды ұзарту туралы қаулыға қол қойды. Құжат Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында орналасқан.

Қаулыға сәйкес, қатаң карантин 12 сәуірге (қоса алғанда) дейін ұзартылды. Қаулыға келесі толықтырулар мен өзгертулер енгізілді:

- Жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшуі тиіс;

- Ата-аналарының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11-сыныптарындағы 15 адамға дейінгі балалары бар кезекші топтардың жұмысына рұқсат етілді;

- Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мешіттердің, шіркеулердің және басқа да діни орындардың жұмысындағы шектеулердің сақталуына күнделікті мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс;

- Жекелей құлшылық етуге және дұға етуге рұқсат етілді (намаз оқитын бөлмелерде және рәсімдер жасауға арналған бөлмелерде (неке, шомылдыру рәсімі) және т.б. келушілер арасында кемінде 1,5 метр және дін өкілдері мен келушілер арасында кемінде 2,5 метр қашықтықты сақтау үшін белгілер орналыстырылады);

- Ұжымдық құлшылық етуге тыйым салынды (жұма және бес уақыт намаздары, жиналыстар, жексенбі күндері және басқа да ұжымдық сипаттағы рәсімдерге);

- Қасиетті "Рамазан" айы кезінде бір отбасы мүшелерінің арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынды;

- Жерлеу рәсімдерін 10 адамнан аспайтын жақын туыстарының қатысуымен өткізуге болады.

Сонымен қатар, сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түлікке қатысы жоқ базарлар, кинотеатрлар, театрлар, мұражайлар, кітапханалар, сауналар, спа-орталықтар мен фитнес орталықтары жабық күйінде қалады, ал азық-түлік базарлары жұмыс күндері тек сағат 06: 00-ден 17: 00-ге дейін жұмыс істей алады. Қоғамдық тамақтандыру орындары жұмыс уақыты шектелместен тек тағамды жеткізу және өзімен бірге алып кету қызметін ұсына алады.

Қаулы 29 наурыздан бастап өз күшіне енеді. Қалуының толық нұсқасымен сілтеме арқылы өтіп танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904995-covid-19-almatydagy-sekteu-saralarynyn-merzimi-uzartyldy/

pixel