Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда оқушыларға жазғы демалыста 42 500 теңге төленеді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Батыс Қазақстан облысында жасы 14-тен асқан оқушылар жазғы демалыста айына 42 500 теңгеден ақша таба алады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұл бастама "Менің аулам – менің бақшам" жобасы аясында іске асырылмақ.

Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы 12 ауданының мектептері осы идеяға қолдау білдірген.

Белгілі болғандай, оқушылардың ата-анасы келісім берген жағдайда жаз бойы бау-бақшада еңбектенеді

"Жобаға қаланың жеті мектебі қатысады. Оқушыларға үш ай демалысты тиімді және пайдалы өткізуге мүмкіндік бергіміз келеді. Орал қаласының жұмыспен қамту орталығы 120 оқушыға 42 500 теңге төлейді", - деді қалалық білім бөлімінің қызметкері Тұрсын Теміршеева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904999-batys-qazaqstanda-oqusylarga-zazgy-demalysta-42-500-tenge-tolenedi/

pixel