Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымбұлақ тау курорты 12 сәуірге дейін жұмысын тоқтатты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымбұлақ тау курорты 12 сәуірге дейін жұмысын тоқтатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл ақпаратты курорттың әкімшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында растап отыр.

"Құрметті Шымбұлақ тау курортының қонақтары! Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 27 наурыздағы қаулысына сәйкес, Шымбұлақ тау курорты қызметін 29 наурыздан 12 сәуірге дейін тоқтатады. Бірақ біз көңілімізді түсірмейміз, сізді 12 сәуірден кейін тау баурайыела көреміз деп үміттенеміз", - делінген хабарламада.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1596 адам тіркелген. Оның 510-ы Алматы қаласынан.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 240 381-ге жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте қалада қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтқан болатын.

Ал кеше Алматыдағы қатаң карантин мерзімі 12 сәуірге (қоса алғанда) дейін ұзартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905016-symbulaq-tau-kurorty-12-sauirge-deiin-zumysyn-toqtatty/

pixel