"Балықшылардың ауы оралып қалған": Атырауда 20 күн бұрын жоғалған тұрғынның денесі табылды

Опубликовано:

балықшылар
Көрнекі фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған Атырау тұрғыны Тыныштық Оразғалиевтің денесі табылды деп хабарлайды Ақ Жайық.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, 26 наурыз күні кешкі сағат 20:00 шамасында Жайық өзенінен 20 күн бұрын жоғалып кеткен 53 жастағы Тыныштық Оразғалиевтің денесі табылған.

Туыстарының айтуынша, мәйітке балықшылар ауы оралып қалған. Қазіргі таңда сараптама жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 6 наурызда Тыныштық Оразғалиев үйден жұмысқа шығып кетіп, жоғалып кеткен. Осы уақыт ішінде оны құтқарушылар, кинологтар мен еріктілер іздеді.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905018-balyqsylar-auy-oralyp-qaldy-atyrauda-20-kun-buryn-zogalgan-turgynnyn-denesi-tabyldy/