Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяжан Еділованың күдіктімен жолыққан кезі түсірілген видео жарияланды

Опубликовано:

Аяжан
Фото: "Алматы" телеарнасы

Әлеуметтік желіде 19 жастағы Аяжан Еділованың өзін азаптап өлтірген ер адаммен бірге лифтіге кіріп бара жатқаны түсірілген видео тарады деп хабарлайды 31 арна.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, кездесу Алматының Алатау ауданындағы Нұркент 5 тұрғын үйіндегі бейнебақылауға жазылып қалған.

Полиция қызметкерлері марқұм ғаламтор арқылы танысқан жігітпен үш күн бойы хат алмасып, кейін кездесуге барғанын жеткізді.

Еске сала кетсек, Аяжан Еділованың жоғалғаны мереке күндері белгілі болды. Кейінірек қалалық полиция бойжеткеннің өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталған.

Сондай-ақ құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс бактарына жасырылғанын хабарлады.

Одан бөлек, полиция ұстау кезінде күдіктінің өз өзін өлтірмек болғанын айтты. Қазір ол ауруханада жатыр.

Кейінірек марқұмның туыстары мәлімдеме жасады. Айтуларынша, полицейлер арызды бірден қабылдамаған. Ал күдіктінің туыстары байланысқа шықпаған.

"Біз полицияға жүгінген кезде бізге оның жігітпен ұйықтап жатқанын, біздің күтуіміз керектігін айтты. Біз өз күшімізбен мекенжайды тауып, сол жерге барсақ, онда полицейлер бар екен. Олар сағат 22:00-де келгендерін айтты. Еріктілер мен жедел қызметкерлердің арасы небәрі бір сағат. Полицияда база, коммуникация бар, алайда олар бізден бір сағат бұрын ғана барған", - дейді қыздың ағасы Алмат Мүліков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905021-ayazan-edilovanyn-kudiktimen-zolyqqan-kezi-tusirilgen-video-zariyalandy/

pixel