Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі үшінші рет ұзартылды

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Елжан Біртанов. Фото: ortcom.kz

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі үшінші рет ұзартылды. Бұл жолы 30 сәуірге дейін. Экс-министрге қатысты ақпаратты KAZ.NUR.KZ тілшісіне оның адвокаты Дмитрий Куряченко хабарлады.

"Үйқамақ мерзімі ұзартылды. Алайда, Біртановтың қорғаушылары оны күдікті ретінде қарастырып, үйқамақта ұстауға заңды негіз жоқ деп есептейді. Біртанов сотқа өзінің заңға бағынатын азамат екенін айтып, еліміз үшін аса ауыр кезеңде эпидемиямен күресте халыққа едәуір пайдалы бола алатынын айтып өтті.
Біртановтың үйқамақта отырғаны расымен заңсыз әрі ойға қонымсыз. Бұл жайт тіпті оның өзіне, отбасына ғана емес, жалпы қоғам үшін кері әсер береді. Себебі, ол халыққа аса қажет әрі пайдалы адам" , - деді адвокат.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қазан айының соңында денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Кейін қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті экс-министрдің қамауға алынғанын растады. Ведомство Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқандарын мәлімдеді.

Кейін Дмитрий Куряченко экс-министрдің үй қамағына алынғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905028-elzan-birtanovtyn-uiqamaq-merzimi-usinsi-ret-uzartyldy/

jitsu gif