Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды

Опубликовано:

Өртсөндірушілер өртті сөндіріп жатыр
Оқиға орны. Фото: otyrar.kz

Шымкентте Cайрам тұрғын үй алабында көлік өртеніп, оның ішінен ер адамның денесі табылды. Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Қайғылы жағдай 26 наурыз күні сағат 20:48-де әл-Фараби көшесінің бойында орын алған.

Қалалық ТЖД ақпаратынша, Toyota Camry 35 автокөлігі өртке оранған. Бұл туралы жергілікті Otyrar басылымы хабарлады.

Өрт 21:02-де ауыздықталып, 22 минутта сөндірілді.

Көлік ішінен 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері мен 2 техника және зерттеу сынау өртке қарсы зертханасының екі маманы жұмылдырылды.

Бүгінде өртке не себеп болғаны тексеріліп жатыр. Мамандар мән-жайды анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізуде.

Ер адамның денесі қатты күйіп қалғандықтан, оның кім екенін анықтау үшін генетикалық сараптама жасау керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1905042-symkentte-ortengen-kolikten-er-adamnyn-maiiti-tabyldy/

pixel