Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте елімізде тағы 1492 коронавирус жұқтырған науқас тіркелді

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті деп хабарлайды Coronavirus2020.kz telegram арнасы.

"Қазақстанда өткен тәулікте 1492 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 346

Алматы қаласы - 415

Шымкент қаласы - 45

Ақмола облысы - 52

Ақтөбе облысы - 61

Алматы облысы - 120

Атырау облысы - 75

Шығыс Қазақстан облысы - 38

Жамбыл облысы - 1

Батыс Қазақстан облысы - 94

Қарағанды облысы - 88

Қостанай облысы - 39

Қызылорда облысы - 13

Маңғыстау облысы - 10

Павлодар облысы - 46

Солтүстік Қазақстан облысы - 21

Түркістан облысы - 10

Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 241 873-ке жетті.

Еске сала кетсек, індет өршіп тұрған Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев шаһарда карантиндік шектеу шаралы қатаңдатылғаннан кейін қала айналасына блок-бекеттер қойыла ма деген сауалға жауап берген еді.

"Қаланы жаппаймыз. Әзірге бұл мәселені қарастырып жатқан жоқпыз. Қолға алынған шаралар жағдайды тұрақтандырады деп үміттенеміз" , - деді шаһар басшысы.

Сағынтаев бүгінде бизнесті қолдау шаралары жасақталып жатқанын мәлімдеді.

"Бүгін қаланың іскери кеңес қатысушыларымен кездестік. Қазір қала бюджеті тарапынан қалай қолдай алатынымызды қарастыратын боламыз. Ертең барлығын жасап, үкіметке шығамыз. Әзірге шешімді екі аптаға қабылдадық. Алайда, келесі апта соңында эпидемиологиялық жағдайда қарап, шектеу шараларын қарастыруымыз мүмкін. Қаланы жабу ойымызда жоқ. Алайда, жағдай нашарлап, ушыға берсе бәрі мүмкін. Бірақ, қазір бұл мәселе қозғалған жоқ" , - деді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905072-otken-taulikte-elimizde-tagy-1492-koronavirus-zuqtyrgan-nauqas-tirkeldi/

pixel