Коронавирустың алдын алу үшін жасалатын жеті қадам

Опубликовано:

Тұрғындар
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус немесе ЖРВИ, тұмаудың алдын алу үшін қандай шаралар қолдану керектігін жариялады деп хабарлайды QAZAQ TV.

Денсалуық сақтау министрлігі ол үшін жеті қадам қажет екенін алға тартады:

1) Даладан келе сала, бөгде адамдармен қарым-қатынасқа түскеннен кейін қолыңызды сабынбен жақсылап жуыңыз;

2) Қоғамдық орындарда бір рет пайдаланатын медициналық масканы қолданыңыз. Сонымен қатар әр 2-3 сағат сайын ауыстырып отырыңыз;

3) Гаджет, кеңсе техникасы мен қолданатын заттарды дезинфекциялаңыз;

4) Қоғамдық орындарға (ОСК, Спорт және ойын-сауық шаралары, кептеліс кезіндегі қоғамдық көлік) барудан аулақ болыңыз;

5) Амандасқанда өзіңізді құшақтасу мен қол алысудан шектеңіз;

6) Тұмаурату болуы мүмкін адамдармен жақын байланыстан және бір үй-жайдан аулақ жүріңіз;

7) Жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды қолданыңыз.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жазғы алаңдар мен кафелердің ашылуына рұқсат берілгенін жазған едік. Әкім бұл шешімді кәсіпкерлік субъектілері үшін қатаң карантин енгізу салдарына арналған Алматы қаласының кәсіпкерлер қауымымен кездесуі кезінде мәлім етті.

Кездесу барысында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелері өз ұсыныстарын білдіріп, мемлекет тарапынан қолдау көрсету туралы сұрақтар қойған.

Отырыста карантин кезеңінде жұмыскерлердің жалақысы мен кәсіпкерлік субъектілерінің үй-жайларын жалдау шығындарын бюджеттен қаржыландыру ұсынылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905140-koronavirustyn-aldyn-alu-usin-zasalatyn-zeti-qadam/