Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяжан Еділованың өлімі: Желіде тараған күдіктіге қатысты ақпаратқа тиісті мекеме пікір білдірді

Опубликовано:

Аяжан
Фото: "Алматы" телеарнасы

Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділованы қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге қатысты желіде түрлі ақпараттар пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

28 жастағы күдікті өзін өлтірмек болып, жарақат алған болатын. Бүгін Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі ер адамның аурухадан шығарылғанын хабардар етті.

Күдіктіге қазіргі уақытта тергеу изоляторына ауыстырылды. Бұған дейін оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған болатын.

Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің құқық қорғау органдарындағы дереккөзі қазір іспен арнайы прокурорлар айналысып жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар деген қауесетті жоққа шығарылды.

"Күдіктінің тұрғылықты жерінен жәбірленуші Аяжан Еділованың заттары ғана табылды. Ол жерде басқа қыздардың құжаты мен заттары болған жоқ. Кейінгі күндері әлеуметтік желіде жарияланып жатқан жаппай кісі өлтіру бойынша ақпарат – жалған мәлімет", - деді дереккөз.

Еске сала кетсек, Аяжан Еділованың жоғалғаны мереке күндері белгілі болды. Кейінірек қалалық полиция бойжеткеннің өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталған.

Сондай-ақ құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс бактарына жасырылғанын хабарлады.

Одан бөлек, полиция ұстау кезінде күдіктінің өз өзін өлтірмек болғанын айтты.

Кейінірек марқұмның туыстары мәлімдеме жасады. Айтуларынша, полицейлер арызды бірден қабылдамаған. Ал күдіктінің туыстары байланысқа шықпаған.

"Біз полицияға жүгінген кезде бізге оның жігітпен ұйықтап жатқанын, біздің күтуіміз керектігін айтты. Біз өз күшімізбен мекенжайды тауып, сол жерге барсақ, онда полицейлер бар екен. Олар сағат 22:00-де келгендерін айтты. Еріктілер мен жедел қызметкерлердің арасы небәрі бір сағат. Полицияда база, коммуникация бар, алайда олар бізден бір сағат бұрын ғана барған", - дейді қыздың ағасы Алмат Мүліков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905147-ayazan-edilovanyn-olimi-zelide-taragan-kudiktige-qatysty-aqparatqa-tiisti-mekeme-pikir-bildirdi/

pixel