Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылқыға шөп бермек болған бес жасар қыз саусағынан айырылып қалды

Опубликовано:

Жылқы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қырымның Симферополь қаласында жылқы бес жасар қыздың оң қолын тістеп, саусағынан айырды деп хабарлайды ren.tv.

Симферополь зообағында жылқыға шөп бермек болған бес жасар қыз саусағынан айырылған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады Ресей Тергеу комитетінің Қырым бас тергеу басқармасы.

Тергеушілердің айтуынша, анасы мен қызы Киров көшесінде орналасқан Балалар саябағының хайуанаттар бағына барған.

Олар қоршаудың арғы жағында жайылып жүрген үй жануарларына жақынырақ баруға шешім қабылдайды. Сөйтіп, бес жасар қыз бала жылқыға шөп бере бастаған. Нәтижесінде жануар оның оң қолын тістеп, саусағынан айырған.

"Баланың жарақат алуына әкеліп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызметтерді көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды (Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 238-бабы)", - дейді аймақтық тергеу комитеті.

Жарақат алған қыз бала республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы қалыпты деп бағалануда. Тергеушілер қажетті сараптамалар тағайындаған.

Сонымен қатар хайуанаттар бағының нормаларға, ережелер мен қауіпсіздік шараларына сәйкестігі тексерілмек.

Еске салсақ, бұған дейін Қытайда газ баллонынан өрт шыққан кезде лезде әрекет етіп, балаларын оқыс жағдайдан құтқарып қалған аналар желіде қызу талқыға түскенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905327-zylqyga-sop-bermek-bolgan-bes-zasar-qyz-sausagynan-aiyrylyp-qaldy/

pixel