Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда карантин шаралары Нұр-Сұлтанға қарағанда неге қатаң: Бекшин түсіндірді

Опубликовано:

Адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында оңтүстік астанадағы шектеу шаралары неліктен Нұр-Сұлтанға қарағанда қатаң екенін түсіндіріп өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекшин қос қала да қызыл аймақта бола тұра, Алматыдағы карантиннің не себепті елордамен салыстырғанда қатаң екеніне жауап берді.

Санитар дәрігердің сөзінше, оңтүстік астанада коронавирусты жұқтыру 3 наурыздан бастап өссе, Нұр-Сұлтанда жағдай 20 наурыздан күрделене бастады.

"Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтыру 3 наурыздан бастап өсті. Ал, Нұр-Сұлтан қаласында 20 наурыздан бастап жағдай ушыға бастады. Сонымен қатар, елде мутацияланған штамдар пайда болды. Біз мұны өткен аптада анықтап, зертханалық зерттеулермен растадық. Осы мутацияланған штамдар аурудың тез таралуына әкеп соқты. Осыны ескере отырып, біз қатаң шараларды енгіздік", - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин

Айта кетейік, Алматыдағы эпидемиологиялық ахуалдың ушыға бастауына байланысты қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қатаң карантиндік шараларды ұзарту туралы қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, қатаң карантин 12 сәуірге (қоса алғанда) дейін ұзартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905359-almatyda-karantin-saralary-nur-sultanga-qaraganda-nege-qatan-beksin-tusindirdi/

pixel