Мәжілістегі ең жас депутат Алматыдағы емханаға екі оттегі концентраторын сыйға тартты

Опубликовано:

Мәди Ахметов
Фото: NUR.KZ

Парламент мәжілісінің ең жас депутаты Мәди Ахметов Алматыдағы емханалардың біріне екі оттегі концентраторын сыйға тартты. Осы уақытқа дейін мұнда бір ғана құрылғы болған.

"№36 қалалық емханаға арнайы екі ауа оттегі концентраторын әкеліп табыстадық. Қазір қаладағы эпидемиологиялық ахуал қиындап келе жатыр. Барлық күш-жігерімізді осы медицина саласында қызмет етіп жатқан азаматтарға жұмылдыру керек",- деді Мәди Ахметовтің өзі.

Дәрігерлер оттегі концентраторы күтпеген әрі қажет сый екенін жасырған жоқ деп жазады "Астана" телеарнасы. Енді олар құралдардың бірін емханаға, ал екіншісін жедел жәрдем көлігіне орналастырмақ.

"Бұл құралдар коронавируспен күресу үшін өте маңызды. Біздің емханаға нағыз қажетті заттар. Сондықтан партия мүшелеріне үлкен алғысымызды білдіреміз",- деді Алматы қаласы №36 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген.

Ә. Лесбек

Айта кетейік, Мәди Ахметов алғашқы сауалын үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған еді. Ол ЖОО-дағы инфрақұрылымды жаңарту керегін айтқан болатын.

Депутат жатақхана құрылысына байланысты ақпараттар бір-біріне сәйкес келмейтінін, әлеуметтік бастаманы жүзеге асырудың нақты бірыңғай жоспары жоқ екенін түртіп өтті. Аталған жұмыстың баяу жүруіне байланысты үкімет басшысының назарын аудару үшін ол бірқатар талап қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905399-mazilistegi-en-zas-deputat-almatydagy-emxanaga-eki-ottegi-koncentratoryn-syiga-tartty/