Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Коронавирустың алматылық штамы пайда болуы мүмкін бе": Отандық ғалым не дейді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жанындағы халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов "коронавирустың алматылық штамы пайда болды" деген ақпаратты жоққа шығарды деп жазады Қазақпарат.

Оның сөзінше, бұл ақпаратты журналистер дұрыс түсінбей қалған болуы мүмкін.

"Біз аминқышқылдарын алмастыратын мутация туралы айттық. Тілші оны "Алматы штаммы" деп қабылдады. Біз бұл ақпаратты жоққа шығарамыз. Біз "британдық" және "оңтүстік африкалық" екі мутацияны дәл анықтадық, басқа мутация туралы сөз болған жоқ. Біз қазір вирустарды бөліп жатырмыз және оларды зерттеу үшін, вакциналардың тиімділігін бағалау үшін, сонымен қатар дайындалып жатқан дәрілерге баға беру үшін зерттеуді жалғастырамыз. Біздің басты міндетіміз - осы", - деп сөзін қорытындылады Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жанындағы халықаралық вакцинология орталығының директоры.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде елімізде коронавирустың "алматылық штам"ы пайда болуы мүмкін деген ақпарат тарады.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирустың "алматылық" штамы пайда болған болуы мүмкін екенін жазған едік.

Кейінірек Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг кезінде коронавирустың "алматылық" штамы туралы ақпаратқа пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905414-koronavirustyn-almatylyq-stamy-paida-boluy-mumkin-be-otandyq-galym-ne-deidi/

pixel