Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 2020 жылғыдай қатаң локдаун енгізіле ме: Министр мәлімдемесі

Опубликовано:

Надпись "носите маску"
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Орталық коммуникаицялар қызметінде өткен онлайн брифингте денсаулық сақтау министрі елімізде 2020 жылғыдай қатаң локдаун енгізіле деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алексей Цой биыл Қазақстанның коронавирус эпидемиясына дайындығы мүлдем басқаша екенін айтты.

"Мемлекеттің дайындығы тұрғысынан біз қазірдің өзінде толық "қаруландық". Бізде нақты хаттамалар бар, механизмдер жасалған, кереуеттер, жаңа ауруханалар, қажетті құрал саймандар, жедел жәрдем көліктері 100 пайыз жабдықталған. Біз әлеуетті құрдық. Тестілеу он есе өсті, дәріханаларда дәрі-дәрмектер жеткілікті. Қазір мемлекеттің дайындығы өте жақсы, сондықтан жалғыз өтініш - әрбір азамат санитарлық талаптарды сақтауға тырысуы керек, сонда біз бірге вирусты жұқтыру деңгейінің өсуінен сақтанамыз", - деді министр.

Сонымен қатар, Алексей Цой коронавирустың жаңа штамдары туралы сөз қозғады.

Оның сөзінше, бүгінде COVID-19-дың штамын анықтауға арналған ПТР-тестің жаңа әдістемесі енгізілген. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы референс-зертханалары бар өңірдегі коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың сынамасын зерделеп шыққан.

"Соның нәтижесінде коронавирустың "британдық", "оңтүстік африкалық" және "бразилиялық" штамдардың ықтимал мутациясы Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа барлық өңірде анықталды", – деді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905431-qazaqstanda-2020-zylgydai-qatan-lokdaun-engizile-me-ministr-malimdemesi/

pixel