Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы сотының 11 судьясы коронавирусқа шалдықты

Опубликовано:

Медик делает анализ на КВИ
Көрнекі фото: Gettty Images/ Bloomberg / Contributor

Алматыда 11 сот және тоғыз сот қызметкерінен коронавирус анықталды. Ал коронавирус инфекциясының бірінші толқынында екі сот қайтыс болды деп хабарлайды Алматы қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сандарға мән бермеуге де болар еді. Бірақ мұндағы мәліметтер тек Алматы қалалық сотының ұжымына қатысты. Бүгінгі таңда COVID-19 инфекциясымен жиырма әріптесіміз ауырып жатыр. Олардың 11 сот, ал тоғызы мамандар. 17 маман және тағы екі сот еңбекке жарамсыздығы бойынша жұмыста жоқ. Бірінші толқын кезінде екі әріптесімізден айырылдық. Бұл онлайн тәртіппен жұмыс істеп жүргеннің өзіндегі көрсеткіш. Сот процесстері бұрынғы форматпен өткенде не болатынын елестету қиын", - дейді соттың баспасөз қызметі.

Алматы қалалық соты карантин тәртібін сақтау қажет екенін, бетперде тағып, арақашықтықты сақтау керектігін еске салды.

"Қаланың санитарлық қызметтің дабылын түсінуге болады. Бір-екі күнде мегаполисте жаппай вакцинация басталады. Соған үміт артамыз. Бүгін барлығы өзімізге байланысты. Біз бұл жағдайда тек бақылаушы ғана емес, қауіпті кезеңнің тікелей қатысушыларымыз", - дейді ведомство.

Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирсутың жаңа штаммдары анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905442-almaty-sotynyn-11-sudyasy-koronavirusqa-saldyqty/

pixel