Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сабырлы болатын": Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктіге қатысты тың ақпарат шықты

Опубликовано:

Аяжан Еділова
Фото: Отбасылық мұрағат

Алматыда жантүршігерлік жағдайда табылған 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктінің жеке басына қатысты бірқатар тың деректер анықталды деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна тілшілері анықтағанындай, күдікті медициналық академияда небәрі екі жыл ғана оқыпты. Бұрынғы студенттерінің аты бұлайша шығуы қырық жылдық тарихы бар оқу орнының ұжымына да оңай соқпаған. Факультет деканының айтуынша, күдікті оқу орнына 2012 жылы грантқа оқуға түскен. Фармацевтика мамандығы бойынша оқып жүрген студент, тек екінші курстан соң академиялық қарыздарына байланысты оқудан шығарылған болып шықты.

"Оқудан шығарылған себебі, сабақтарға дұрыс қатыспаған. Және пәндер бойынша сабақтарға емтихандық сессияға жіберілмеген және өзінің жауапсыздығынан осындай жағдайға келген. Ал енді мінезіне келетін болсақ, біздің әріптестердің айтуына қарағанда - өте салмақты. Өзінің әріптестерімен, құрбы-құрдастарымен немесе оқытушылармен жанжалға түскен кездері болған емес", - дейді оқу орнының деканы.

Еске сала кетсек, Аяжан Еділованың жоғалғаны мереке күндері белгілі болды. Кейінірек қалалық полиция бойжеткеннің өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны ұсталған.

Сондай-ақ құзырлы орган қыздың денесі бөлшектеліп, қоқыс бактарына жасырылғанын хабарлады.

Одан бөлек, полиция ұстау кезінде күдіктінің өз-өзін өлтірмек болғанын айтты.

А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905478-baq-ayazan-edilovany-oltirdi-degen-kudiktinin-ata-anasy-mugalim-bolgan/

pixel