Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Ақтөбе облысы "қызыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың 31 наурыздағы жаңа матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, Ақтөбе облысы инфекцияны жұқтыру қарқыны бойынша "сары" аймақтан "қызылға" өтті деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram-каналы.

Cоңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінде республика бойынша "қызыл" аймаққа кіргендер қатарында Атырау мен Ақтөбе облыстары, БҚО, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар.

"Сары" аймақта тек екі өңір ғана қалды. Олар Алматы мен Қарағанды облыстары.

Қалған өзге облыстар мен Шымкент қаласы КВИ бойынша бүгінде "жасыл" аймақта тұр.

Айта кетейік, Қазақстан коронавирус инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймаққа өтті.

Елімізде індетті жұқтырғандардың саны күрт өсті. Өткен туәлікте ғана елімізде COVID-19 тағы 1663 адамнан анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905502-koronavirus-aqtobe-oblysy-qyzyl-aimaqqa-otti/

pixel