Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жалға алынған пәтерді тінту кезінде 50 млн теңгенің есірткісі табылды (видео)

Опубликовано:

Есірткі
Кадр: Атырау облысы ПД

29 наурызда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Атырауда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 24 жастағы қазақстандықты құны 50 миллион теңгені құрайтын есірткімен ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстың полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гайдар көшесіндегі жалға алынған пәтерде тінту жүргізу кезінде жедел уәкілдер жалпы салмағы 1 келі болатын синтетикалық есірткі заттарын тәркіледі, бұл шамамен құны 50 миллион теңге болатын 3330 доза.

"Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын сату мақсатынсыз аса ірі көлемде заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев.

Баптың санкциясына сәйкес, күдіктінің қылмысы дәлелденген жағдайда, оған 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Күдікті Атыраудағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салсақ, бұған дейін 22 наурызда елдің бірнеше өңірінде полицейлер Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен Қостанай облысы мен Нұр-Сұлтан қаласына есірткі тасымалдауды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстағанын жазған едік.

Одан бөлек, Сарыағаш қаласында полицейлер жаяу жүргіншіден есірткі затын тапқанын жазған болатынбыз. Тергеу барысында күдікті азамат есірткі затын тауып алғанын және оны өзі пайдаланбақ болғанын мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905515-atyrauda-zalga-alyngan-paterdi-tintu-kezinde-50-mln-tengenin-esirtkisi-tabyldy-video/

pixel