Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау әуежайында төтенше жағдай болды (фото)

Опубликовано:

Оқиға орны
Фото: lada.kz

Ақтау әуежайында механикалық баспалдағы бар техника жолаушылардың ұшаққа өтуі үшін жасалған өткелмен соқтығысқан. Құрылымның бір бөлігі зақымданды деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның хабарлауынша, аталмыш жайт 30 наурызда Ақтау халықаралық әуежайында болған.

Баспалдағы бар арнайы техниканың жүргізушісі гейтпен соқтығысып, салдарынан құрылымның бір бөлігі бүлінген.

Оқиға орны
Фото: lada.kz

Ақтау әуежайында бұл факті бойынша ішкі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Апатты жағдайдан ешкім зардап шекпеген.

Оқиға орны
Фото: lada.kz

Еске салсақ, 13 наурызда Алматыда әуежай маңында әскери ұшақ құлаған еді. Әуе апаты салдарынан төрт әскери қаза болып, екі ұшқыш зардап шекті.

Жарақат алғандар бірден ауруханаға жеткізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына қатысты пікір білдіріп, қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тіледі.

"Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды. Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек", – деген еді президент.

Көп ұзамай, ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімі белгілі болды. Сонымен қатар дәрігерлер екі апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан қос ұшқыштың есін жиғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905564-aqtau-auezaiynda-apat-oryn-aldy-foto/

pixel