Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында екі бірдей той тоқтатылды

Опубликовано:

Той
Фото: Түркістан облыстық ПД

Соңғы күндері Түркістан облысында тағы екі той тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі той да бір-бірінен бөлек ұйымдастырылған.

Олардың біріне 100-ден аса, ал екіншісіне 200-дей адам келген.

Мерекелік шараларды өткізген тәртіп бұзушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша материалдар жиналған. Бұл бап бойынша санитарлық нормаларды және гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін жазалау қарастырылған.

Материалдар тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жіберілген.

Жыл басынан бері облыстың полиция қызметкерлері мониторингтік топтармен бірлесіп 60-тан астам карантин бұзушыларды анықтаған. Оның ішінде 10 жағдайда көкпар, 18 жағдайда үйлену тойы үшін, ал 33 адам медициналық бетперде тақпағаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда коттедж жалдап, мерекелік шара ұйымдастыратындарды жазалау механизмі қарастырылып жатқаны хабарланған еді.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың сөзінше, бұл -маңызды мәселенің бірі.

"Себебі тек біздің қалада ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де кәсіпкерлер коттеджде шара өткізіп жүр. Қазіргі уақытта біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз, белгілі бір заңнамалық мәселелер бар, өйткені бұл - тұрғындардың жеке аумағы. Ұйымдастырушыларды да, қала тұрғындарын да тексеру жұмысын қарастырып жатырмыз. Арнайы механизм жасалады", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905572-turkistan-oblysynda-zasyryn-turde-toi-zasagandar-askere-boldy/

pixel