Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында базарда елдің қалтасына түскен анасы мен қызы ұсталды

Опубликовано:

Ұрлық сәті
Көрнекі фото: piqsels.com

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының полиция қызметкерлері базарда тұрғындардың қалтасына түскен анасы мен қызын ұстады деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, Мақтаарал аудандық полиция басқармасына бірнеше жергілікті тұрғын арызданған.

Жәбірленуші азаматшалардың айтуынша, күндіз Мақтаарал ауданы Атакент кентінің көшелерінің бірінде орналасқан базар аумағында жүргенде қалта ұрыларына тап болған.

Олардың бірі қол сөмкесінен әмиянын және 200 000 теңге ақшасы мен өзіне тиесілі банк карточкаларын ұрлатып алса, енді бірінің әмиянымен қоса 10 000 теңге ақшасын жасырын түрде ұрлап кеткенін айтқан.

Аталған фактіні полиция қызметкерлері қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден кіріскен.

Айнала және бейнекамералар жіті тексерілген. Нәтижесінде күдік тудырған екі әйел анықталған. Олар Шымкент қаласының тұрғындары-анасы мен қызы болып шыққан.

Күдіктілер тұрғылықты мекенжайларынан ұсталды.

Өз кінәларын толық мойындаған қалта ұрыларына қатысты қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер алдын ала сөзбайласып, оңай жолмен ақша табуды көздеген.

Осылайша анасы мен қызы адам көп шоғырланатын аймақтарды бір шолып шығып, базар маңында адамдардың ығы-жығы болып жатқандарын пайдаланып, сөмкелерінен білдіртпестен әмияндарын алып кеткен.

Қолды қылған ақшаларын бас пайдаларының қажеттіліктеріне жұмсап, бой тасалап жүрген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905577-turkistan-oblysynda-bazarda-eldin-qaltasyna-tusken-anasy-men-qyzy-ustaldy/

pixel