Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астыртын жұмыс істейтін хиджамаға барған талдықорғандық азамат ауруханаға түсті

Опубликовано:

Хиджама
Көрнекі фото: wow-card.kz

Талдықорған тұрғыны жасырын жұмыс істейтін хиджамаға (қан алу арқылы әртүрлі ауруды емдеу әдісі) барамын деп ауруханаға түсті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Басылымның жазуынша, 29 наурыз күні Текелі полициясына 30 жастағы талдықорғандық азамат арызданған.

Ер адам өзіне хиджама жасаған емшіге шағымданған. Ол процедурадан кейін бірден жағдайы нашарлап кеткенін айтқан. Яғни дене қызуы көтеріліп, әлсіреп қалған екен.

Құқық қорғаушылар нәтижесінде 50 жастағы Текелі тұрғынын анықтаған. Оның медициналық білімсіз және сертификатсыз, тіпті ешқандай лицензиясы болмаса да емшілікпен айналысқаны белгілі болған.

Әйел адамға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 424-бабына сәйкес (Куәлігі мен лицензиясы жоқ адамның заңсыз медициналық қызметпен айналысуы) әкімшілік хаттама толтырылған.

Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін санитар дәрігерлерге берілген.

Еске сала кетсек, баланың шыққан иығын онлайн салып бергенін айтқан ақтөбелік емші Бағдагүл Лепесова елді таңырқатқан еді.

Айуынша, ол бір күнде 15 мыңнан аса адамға онлайн ем жүргізеді екен. Сұраныстың көптігінен емшінің WhatsApp әлеуметтік желісінде ашқан чатының саны 57-ге жеткен. Оның әрқайсысында 250 адам емшінің кеңесін тыңдайтын көрінеді.

Сондай-ақ ел арасында шипалы алақанымен танылып, сәби сүйе алмаған жүздеген ананың бала көтеруіне септігін тигізген оралдық емші Анар Рамазантегі қазіргі әйелдерде ең көп кездесетін ауруларды атаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905609-astyrtyn-zumys-isteitin-xidzamaga-bargan-taldyqorgandyq-auruxanaga-tusti/

pixel