Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елжан Біртановтың денсаулығы сыр берді": Экс-министрдің адвокаты дабыл қақты

Опубликовано:

Экс- денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов
Фото: Хабар 24

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың денсаулығы сыр берді. Қазіргі уақытта оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы бұрынғы бас дәрігердің қорғаушысы Дмитрий Куряченко айтты деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Сонымен қатар, Дмитрий Куряченко экс-министрді үй қамағында негізсіз ұстап отырғанына наразы екенін жеткізді.

Ол бұны "Біртановтың ісіне" кедергі келтіру деп есептейді.

Заң маманының айтуынша, тергеу әрекеттері кезінде іс бір жақты болып жатыр. Яғни, тергеушілер Елжан Біртановты қудалаудың барлық себептерін қарастыруда деген пікірде.

Сонымен қатар адвокат экс-министрдің ақша жымқыру және ысырап ету фактісіне нақты дәлелдің жоғын алға тартты.

"Керісінше, оның кінәсіздігін растайтын фактілер жетерлік. Негізгі күдік хорватиялық "Эриксон Никола Тесла" компаниясының интеграцияланған Денсаулық сақтау платформасының жеткізушісі жасаған болжамдарға негізделген. Алайда, тіпті "EGOV" сайтында азаматтар анықтаған медициналық мекемелерде тіркеу туралы жақында болған жанжал платформаның жұмыс істеп тұрғанын растайды. Бас прокуратура Біртановты қорғаудың өтінішін қолдап, тергеу туралы "Эриксон Никола Тесланың" қатысуымен қайта сараптама тағайындады", - деді Дмитрий Куряченко.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қазан айының соңында денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Кейін қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті экс-министрдің қамауға алынғанын растады. Ведомство Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқандарын мәлімдеді.

Кейін Дмитрий Куряченко экс-министрдің үй қамағына алынғанын хабарлады.

Жақында Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі үшінші рет, яғни 30 сәуірге дейін ұзартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905646-elzan-birtanovtyn-densaulygy-syr-berdi-eks-ministrdin-advokaty-dabyl-qaqty/

pixel