Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Алматы облысы "қызыл", Шымкент қаласы "сары" аймаққа өтті

Опубликовано:

бетперде74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. Оған сәйкес, Алматы облысы "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өтті.

Қазір "қызыл" аймақта Алматы облысынан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары бар.

Сондай-ақ Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы "сары" аймақта, қалған барлық өңірлер "жасыл" аймақта тұр.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, өткен тәулікте 1873 адамнан коронавирус анқталған. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан.

Сонымен қатар Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусты тоқтатудың басты жолы – азаматтарды вакцинамен жаппай қамтамасыз ету екенін айтқан еді.

Сонымен бірге білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья QazСovid-in вакцинасы антиденені қалай қалыптастыратынын түсіндірген болатын.

Оның айтуынша, QazСovid-in вакцинасының толыққанды көрсеткіштері вакцина еккеннен кейін 42 күнде белгілі болады.

Одан бөлек, денсаулық сатау министрі Алексей Цой отандық вакцинаның дайын болуын күтіп отырғанын айтқан еді.

Цойдың сөзінше, елімізде ресми қолдануға рұқсат етілген кез келген қазақстандық, ресейлік вакцина тексеруден өткен, қауіпсіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905706-koronavirus-almaty-oblysy-qyzyl-symkent-qalasy-sary-aimaqqa-kirdi/

pixel