jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Алматы туризм академиясының президентіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Қайрат Закирьянов пен Жанқош Тұраров
Қайрат Закирьянов пен Жанқош Тұраров. Фото: facebook.com/s.dildakhmet

Алматы қаласының спорт және туризм академиясының директоры Қайрат Закирьяновқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Әңгіме оның жұмыс бөлмесінен табылған "барыс терілері" мен басқа да аңдардың тұлыптарына байланысты болып отыр. Бұл туралы Алматы полиция департаменті хабарлады.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, "Алмалы аудандық полиция басқармасы бұл факт бойынша қылмыстық кодекстің 339-бабында ("Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану") көзделген қылмыс құрамы негізінде сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Ведомствоның хабарлауынша, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді.

Еске салсақ, бұған дейін желіде спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов пен белгілі боксшы Жанқош Тұраровтың бірге түскен суреті пайда болған еді.

Сурет желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды. Қазақстандықтар академия басшысы мен спортшының Қызыл кітапқа енген аңдардың терілерімен түскен суретіне наразылық танытқан болатын.

Кейін басы дауға қалған Қайрат Зәкіриянов бұл жағдайға байланысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, желіде тараған суретте барыстың муляжы бейнеленген, сондай-ақ ол "аңшылық олжаны" заңды түрде жинайтынын жеткізді.

Мәселен ол "арыстанды үш жыл бұрын Оңтүстік Африка Республикасында өзі аулағанын" атап өтті.

Алматы туризм академиясының президентіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.