Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы сауда орталықтары қандай жағдайда ашылады

Опубликовано:

Сауда орталығы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн-брифинг кезінде қаладағы сауда орталықтары қандай жағдайда ашылуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаладағы сауда орталықтары мен сауда үйлері қашан ашылады деген сауалға жауап берген Қалықова мегаполистегі жағдайдың ушығып тұрғанын айтты.

"Біз жағдайдың қиындығын түсінеміз, Алматы "қызыл" аймақта тұр. Осыған байланысты шектеу шаралары қабылданып, белгілі бір кәсіп түріне қатысты шаралар күшейтілуде. Қашан қалыпты режимде жұмыс істей алатынымызға келсек, бұл жауапкершілікті тұрғындардан алып тастауға болмайды. Тек бірлесе күш жұмсап, ауру жұқтыру көрсеткішін төмендете аламыз. Вирустың таралу индексінің төмендеуіне қол жеткізгенге дейін бұл шектеулер алынбайды", - дейді Қалықова.

Еске сала кетсек, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар жөнінде жиын өткізеді.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, елімізде өткен тәулікте 1873 адамнан коронавирус анқталған. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан және Алматы облысынан.

ДСМ дерегінше, қазір елімізде 25 156 адам короновирустан емделуде, олардың ішінде 8 590 пациент стационарда, 16 566 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

348 науқастың жағдайы ауыр, 83 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 52 науқас өкпені жасанды желдтеу аппаратына қосылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905782-almatydagy-sauda-ortalyqtary-qandai-zagdaida-asylady/

pixel