Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматыда дәрігерлер ақысыз демалысқа жіберілуде": Әкімдік ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Аурухана
Фото: Алматы ДСБ баспасөз қызметі

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде тараған "Алматыда дәрігерлер мен медперсонал ақысыз демалысқа жіберілуде" деген хабарламаны талқылап жатыр. Бұған қалалық әкімдік пікір білдірді деп жазады Stopfake.kz.

Мессенджерде кеңінен тараған хабарлама авторының сөзінше, жұмыс орындарында тек COVID-госпитальдерде жұмыс істеуге келіскендер ғана қалған.

Алайда, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасындағылар бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Жалған ақпарат. КВИ-ға қайта бейімделген ауруханаларда тек өтініш жазғандар ғана ақылы еңбек демалысына кетті. Қалған дәрігерлер инфекциялық бөлімшелерде жұмыс істеу үшін сараланған түрде қайта бөлінді", – деді ведомство.

Тиісті мекеменің мәліметінше, Алматыда ЖРВИ, пневмония және КВИ белгілері бар азаматтардан 300-ге жуық шақырту тіркелген.

31 наурызда Алматыда бұған коронавирусты жұқтырғандарды жатқызу үшін қайта жабдықталған HALYK ARENA спорт кешені қайта іске қосылды. Кешен 1000 төсек-орынға есептелген. Онда жағдайы орташа болған коронавирус инфекциясын жұқтырғандар жеткізілмек.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті. Ведомство ұсынған мәліметке сәйкес, өткен тәулікте 1873 адамнан коронавирус анықталған. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905791-almatyda-darigerler-aqysyz-demalysqa-ziberilude-akimdik-aqparatqa-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel