Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кавасаки ауруының өршуі туралы хабарлама тарады: Министрлік не дейді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Whatsapp мессенджерінде өзін "дәрігермін" деп таныстырған әйелдің аудио хабарламасы тарады. Онда Қазақстанда балалар арасында кавасаки ауруының өршуі тіркелгені туралы айтылған. Алайда ақпарат жалған деп жазады Stopfake.kz.

Басылым мәліметінше, Кавасаки тәрізді синдром немесе коронавирус ауырған балалар арасындағы көп жүйелі қабыну синдромы елімізде тіркелген. Алайда, қазір бұл ауру өршіп тұрған жоқ.

"Көп жүйелі қабыну – бұл COVID-19 ауырған балаларда кездесетін кешіктірілген иммунологиялық көрініс. Синдром коронавирустық инфекциядан кейін 4-6 аптадан кейін дамиды. Қазір елімізде Кавасакиге ұқсас синдром ауруы өршіп тұрған жоқ, бірақ КВИ жұқтырғандар саны көбейсе, балаларда көп жүйелі қабыну болуы мүмкін. Сондықтан барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтау қажет", – деді енсаулық сақтау министрлігі.

Айта кетейік, Кавасаки мен Кавасакиге ұқсас синдром екі түрлі ауру. Кавасаки ауруы – кез келген инфекциядан кейін болуы ықтимал сирек кездесетін ауру. Оның белгілері – қызудың көтерілуі, тері бөртпесі, конъюнктивит, мойын аймағындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы, аяқ-қолдардың ісінуі.

Коронавирусқа байланысты Кавасакиге ұқсас синдром – індеттен кейінгі кешіктірілген иммунологиялық реакция. Ол балаларда ғана емес, ересектерде де болады.

"Қорыта айтқанда, Қазақстанда Кавасаки ауруының өршіп тұрғаны туралы хабарламалар асыра сілтеушілік болып табылады. Елімізде ауру ошағы тіркелмеген", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905792-kavasaki-auruynyn-orsui-turaly-xabarlama-tarady-ministrlik-ne-deidi/

pixel