Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы "ЦОН"-ға адамдар баса көктеп кірді: Тиісті мекеме пікір білдірді

Опубликовано:

Фото
Фото: facebook.com/Дежурный по городу

Желіде "Алматыдағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына адамдар баса көктеп кірді" деген атаумен видео тарап жатыр. "Азаматтарға арналған үкімет" корпорацияның ақпараты бойынша, көпшіліктің талқысына түскен кадрлар ескі ролик болып табылады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео кадрынан бір топ адамның алдымен Avtodom сауда орталығының алдында жиналып, содан кейін турникеттерді елемей, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына кіруге ұмтылғанын байқау қиын емес.

"Азаматтарға арналған үкімет" филиалының баспасөз қызметі кадрлардың бірнеше күн бұрын түсірілгенін мәлімдеді.

Ведомство дерегінше, қазіргі уақытта филиалда ешқандай толқу жоқ, бәрі тыныш.

"Қатаң карантиннің басталуы мереке күндеріне тұспа тұс келді, ал халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы орталықтар ол уақытта жұмыс істеген жоқ. Олар 25 наурыздан бастап азаматтарды қабылдай бастады және алдын-ала брондау арқылы қызмет көрсету форматына көшті.

Алайда бірінші жұмыс күнінде барлық алматылықтар бұл ережелер туралы білмеген. Бейнежазбада мамандандырылған ХҚКО түсірілген, онда тек көлікті қайта тіркеу бойынша қызмет көрсетіледі. Ролик бірнеше күн бұрын түсірілген болатын. Бүгінде мұндай толқу жоқ, жағдай бақылауда", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ, филиалдың баспасөз қызметі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қазіргі сәтін видеоға түсіріп жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905804-almatynyn-mamandandyrylgan-xalyqqa-qyzmet-korsetu-ortalygyna-adamdar-basa-koktep-kirdi-tiisti-mekeme-pikir-bildirdi/

pixel