Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Бұл жыл коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиын барысында азаматтарды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды деп хабарлайды Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасы.

Мемлекет басшысы азаматтарды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырды.

"Біз, ең алдымен, мына нәрсені түсінуіміз керек: халқымыздың денсаулығы мен материалдық игілігі жаппай вакцинациялауды табысты өткізуімізге байланысты", - деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жыл коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс екенін жеткізді.

"Биыл – қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл жыл пандемиямен күрестегі түбегейлі бетбұрыстың және коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс деп санаймын", - деп сөзін қорытындылады мемлекет басшысы. 

Естеріңізге сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы коронавирус індетіне байланысты эпидахуал жөніндегі кеңесте кәсіпкерлер жұмысын жолға қою үшін мамыр айынан бастап шектеулер кезең-кезеңімен алынуы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы еліміздегі мониторинг топтарының жұмысын сынның астына алды.

"Шектеулер мен одан кейінгі рейдтер күтілген нәтижеге қол жеткізбей әлеуметтік шиеленіске себеп болып отыр. Мониторинг топтарының жұмысы кейде іріктеумен, ашық емес сипатқа ие болып, бір мекемелер үнемі тексерілсе, кейбірі мүлдем тексерілмейді", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905828-prezident-bul-zyl-koronavirustan-birzola-aryludyn-zyly-boluga-tiis/

pixel