Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктемесіне тап болуымыз мүмкін

Опубликовано:

аурухана
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне байланысты эпидахуал жөніндегі кеңесте Қазақстан қиын жағдайды бастан өткеріп жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Жалпы алғанда, қазіргі жағдайымыз жақсы емес. Тіпті, ахуал өте күрделі деп айтуға болады. Коронавирус індеті қайта өршіп келеді. Мұны Қазақстан ғана емес, көптеген елдер бастан өткеруде. Оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр",- деді президент.

Мемлекет басшысы азаматтарымыз және бизнес өкілдері індеттен әбден қажып, соның салдарынан сақтық шараларына салғырт қарай бастағанын айтады. Президент бұл фактор жағдайды одан сайын ушықтырып жатыр дейді.

"Дегенмен көптеген сарапшылардың айтуынша, 2021 жылы жалпы ахуал жақсарып, қайта өсім болып, пандемиядан кейін азаматтардың тұрмыс сапасының артуына мүмкіндіктер бар",- дейді мемлекет басшысы.

Осы тұста Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрлігіне дәрігерлер үшін жеке қорғану құралдарының сапасы мен жеткілікті көлемін қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Біз денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктемесіне тап болуымыз мүмкін. Үкіметке және өңірлердің әкімдеріне жансақтау бөлімшелерін жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдауды және бас дәрігерлер мен әкім орынбасарларының дербес жауапкершілігін бекітуді тапсырамын", - деді президент.

Айта кетейік, елде мамыр айынан бастап шектеулер алынуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905834-toqaev-densaulyq-saqtau-zuiesinin-samadan-tys-zuktemesine-tap-boluymyz-mumkin/

pixel