Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын Орда" базарында төбелес шығарғандар татуласты

Опубликовано:

Төбелеске қатысшулар
Фото: Алматы облыстық ПД

"Алтын Орда" базарының автотұрағында төбелескен екі азамат татуласты. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство темір тұлпар иесі мен автотұрақта жұмыс істейтін азамат арасындағы текетірес 30 наурыз күні болғанын еске салды. Артынша факті полицияда тіркелген. Екі азаматтың үстінен Қылмыстық кодекстің 293- бабы 2- бөлігі 1- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қарасай ауданы полиция басқармасындағы тергеу амалдарын жүргізу барысында төбелеске қатысушылар өз кінәсін мойындап, бір-бірінен және халықтан кешірім сұрады. Олар сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы арыз жазды",- деді өңірдің полиция департаменті.

Төбелеске қатысушылар қазақстандықтардан кикілжіңді талқыға салуды доғаруды сұрады.

"Жоғарыда көрсетілген деректерді негізге ала отырып, аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды",- деді ведомствода.

Айта кетейік, осыған дейін "Алтын Орда" автотұрағында болған қырғынға қатысты базар әкімшілігі түсінік берген еді. Олар көлік тұрағына жауапты жұмысшылар пышақ алып жүреді дегенді жоққа шығарды.

Сондай-ақ, базар басшылығы мұндай жағдай қайталанбас үшін жүргізушілер өзімен тиын-тебен алып жүргендері дұрыс екенін айта кетті. Олардың мәліметінше, автотұрақты ақысыз жасау әзірге жоспарда жоқ. Модернизация жұмыстары бітсе, электронды терминал қондырғылары орнатылуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905838-altyn-orda-bazarynda-tobeles-sygargandar-tatulasty/

pixel