Жауын-шашын болмайды: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды
Опубликовано:

2 сәуірде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.
Еліміздің басым бөлігі әлі де жоғарғы қысым аймағында болатындықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысында, батысында және қиыр солтүстігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын, оңтүстік-шығысында таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, қиыр солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін жетіп, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, Қостанай облысында екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с дейін күшейеді, күндіз шаңды дауыл болуы ықтимал.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің күшеюі 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі.
Атырау, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда, Ақтөбе облыстарының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905880-zauyn-sasyn-bolmaidy-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/