Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасыл" аймақтағы ШҚО-ға санбекеттер қайта қойылды: Мұны тұрғындар қалай қабылдады

Опубликовано:

Коронавирус
Блок-бекет. 2020 жылдың мамыр айы. Фото: Петр Карандашов / NUR.KZ

Бүгіннен бастап Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары ұзартылады - аймаққа кіруге және шығуға тыйым салынды. Жергілікті тұрғындар бұл шешімді қалай қабылдағанын "Еуразия" бірінші арнасы анықтауға тырысты.

Шығыс Қазақстан облысы бүгінде коронавирустың "жасыл" аймағында, алайда облыстың бас санитар дәрігері санитарлық бекеттерді қайта қоюға шешім қабылдады.

Олар Алматы және Қарағанды ​​облыстарымен, сондай-ақ Ресеймен және Қытаймен шекарада орналастырылады.

"Полиция қызметкерлері мен медициналық қызметкерлер санитарлық посттарда кезекшілік етеді. Бұл шара біздің облыста коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға және болдырмауға бағытталған", - дейді ШҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Әмір Өтепов.

Сонымен қатар, аймаққа кірген кезде ПТР анықтаманы көрсету қажет.

"Қызыл" аймақтан келген адамдардың санитарлық бекеттерден өту кезінде өзімен бірге коронавирустық инфекция бойынша теріс нәтижесі бар анықтамасы болуы керек. Анықтама берілген уақыт үш күннен аспауы тиіс", - деп түсіндірді қоғаммен байланыс маманы Бағлан Тауанова.

Аймақта қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Алайда қоғамдық тамақтану, сауда орталықтары, сұлулық салондары және басқа да көптеген нысандар жұмыс істейді. Десе де, кейбір қалалықтар маска тағуды ұмытып кетіп жатады.

"Не үшін жабады? Бұдан не өзгереді? Сіз маска тағып жүрсеңіз, мен маскасыз жүрмін, қаланың жартысы маскасыз", "Адамдар бұған үйрене бастады. Карантин алынып тасталды. Барлығы енді ашыла бастағанда, қайтадан кенеттен көктемде жауып тастап жатыр", - дейді тұрғындар.

Еске салсақ, өңір аумағында шектеу шаралары 2021 жылдың 2 сәуірінен бастап 15 сәуіріне дейін ұзартылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905883-zasyl-aimaqtagy-sqo-ga-sanbeketter-qaita-qoiyldy-muny-turgyndar-qalai-qabyldady/

pixel