Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмабектің бажасымын": Күлкі күнінде елдің көңілін көтергісі келген жігіт жазаланды (видео)

Опубликовано:

Надпись "Свояк Жумабека" нанесли на заднюю часть машины
Кадр: instagram.com/dp_pavlodar

Павлодарда қалжыңдағаны үшін жүргізуші жазаланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің полиция департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 1 сәуір күні Назарбаев даңғылы бойында көлігінің артқы жағында мемлекеттік тіркеу нөмірі болмаған "ВАЗ 2170" жүргізушісі ұсталған.

Ер адам нөмірдің орнына "Жұмабектің бажасы" деген жазуды қолымен жазған.

Жүргізушінің көңіл күйінің керемет болғанына қарамастан, тәртіп сақшыларының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырғаны белгілі болды. Оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, көлігі автотұраққа қойылды.

"Адамдар, ережелерді нақты сақтау – жолдағы заң және міндетті шарт екенін ұмытып кетеді. Жол ақталуға қажетсінбейді, ол кішігірім бұзушылықтарды да кешпейді, қырағылық сақтауды және ұдайы мұқият болуды міндеттейді",- деп атап өтті Павлодар қаласы полиция басқармасының басшысы Данияр Бек.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Түркістан облысында түсірілген видео пайда болған еді.

Көлікте кетіп бара жатқандар қарсы бағытқа шығып, жол ережесін бұзғанын камераға түсірген. Полицейлер тоқтатқан кезде көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларына Жұмабекке хабарласу керектігін айтып, ары қарай кете берген.

Осыдан кейін тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жүргізіп, көлік жүргізушісінің кім екенін анықтаған. Ол Lada Priora көлігін тізгіндеген Шымкент тумасы болып шыққан.

Ер адамға қатысты жол ережесін бұзу және полиция қызметкерінің алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту талабын орындаудан жалтару бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сонымен қатар Түркістан облысының полиция департаменті жүргізушіні жібере салған Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.

Сондай-ақ ведомство Жұмабек есімді азаматтың құзырлы органда істейтінін мәлім еткен болатын. Бүгінде ол атқарып отырған лауазымынан босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905886-zumabektin-bazasymyn-kulki-kuninde-eldin-konilin-kotergisi-kelgen-zigit-zazalandy-video/

pixel