Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатерлі індет: Еліміздің неше өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2021 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары орналасқан.

Қазақстанның қалған өңірлері - "жасыл" аймақта.

Қазіргі уақытта еліміз әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймаққа.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2077 адам тіркелген. Олардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 248 931-ге жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте үкімет жұмысын қатаң сынға алды.

Сонымен қатар отырыс барысында президент министр Алексей Цойға ескерту жасады.

"Алексей Владимирович, осыған дейін сізге қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрі үкіметтегі басты тұлға екенін айтқан едім. Сіздің ерекше өкілеттігіңіз бар. Сіз жақсы жұмыс істеп бастадыңыз, кейін қарқыныңызды жоғалтып алдыңыз", - деді мемлекет басшысы. "Сіз сәуірде жағдайды өзгертуіңіз керек. Әйтпеген жағдайда, кадрлық өзгерістер көңіліңізді әбден түсіруі мүмкін. Бұл тек денсаулық сақтау министріне емес, барлық үкіметке қатысты", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1905922-qaterli-indet-elimizdin-nese-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel