Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдарды індетке сендіру үшін актерлер COVID-19-дан қайтыс болғандарды ойнағаны рас па

Опубликовано:

Денелер
Видеодан кадр: tiktok.com/@vasyaivanovdesign

Қазақстандықтар қара пакетке оралған адамдардың денесі салынған жүк көлігінің видеосын таратып жатыр деп хабарлайды Stopfake.kz.

Желіде тараған видеодан қара пакетке оралған адамдардың бірі темекі тартып жатқанын сонымен қатар екі ер адамның бірі пакетті түзетіп жатқанын аңғаруға болады.

Қазнет қолданушыларының айтуынша, адамдарды қорқыту үшін COVID-19 пандемиясының құрбандары туралы жаңалықтарды осылай түсіреді.

Stopfake.kz-тің жазуынша, бұл-фейк.

Порталдың мәліметінше, видеоның түпнұсқасы қоюшы суретші Василий Ивановтың TikTok аккаунтынан алынған. Роликтің 30 наурызында жарияланғаны және онда "Хаскидің Никогда-нибудь клипінің түсірілімі" деп жазылғаны белгілі болды.

"Клипте мәйіттерге толы КамАЗ көрсетілгені рас, бұл желіде таралған роликтегі көлік", - деп жазады Stopfake.kz.

Осылайша, бұл видеоның COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ екені анықталып отыр.

Айта кетсек, бұл қазақстандықтар арасында таралып жатқан алғашқы жалған ақпарат емес.

Бұған дейін Ақтөбеде WhatsApp желісі арқылы "балалар жаппай апельсиннен уланды" деген ақпарат тарап кеткен болатын. Алайда блыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев мәліметті жоққа шығарды.

Сондай-ақ отандық блогерлердің бірі медициналық масканы микроскоппен тексеріп, онда паразиттер немесе моргеллон құрттар болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Дегенмен ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев бұл мәліметтің де жалған екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906006-adamdardy-indetke-sendiru-usin-akterler-covid-19-dan-qaitys-bolgandardy-oinagany-ras-pa/

pixel