Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кейбірінің маскасы түктеніп кеткен": Ақтөбе облысының бас дәрігері адамдардың талапты сақтамайтынын айтты

Опубликовано:

ФОто
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев брифинг кезінде адамдардың санитарлық талаптарды дұрыс сақтамайтынын, масканы тек иегіне ғана тағып алатынын айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рүстем Исаевтың сөзінше, соңғы кездері тұрғындардан жедел жәрдемге шақырту көптеп түсетін болған.

"ПТР сынама оң болса, дәрігерлер үйіне барады. Еш симптом болмаса, тізім бойынша дәрі-дәрмек ішеді. Шынын айту керек, жастар жеңіл өткереді. Ересек адамдар стационарларға жіберіледі. Жедел жәрдемнің жұмысы күшейді. Соңғы кезде 900-ден астам шақыру түсті. Жедел жәрдем бригадасының жұмысын жеңілдету үшін емханалардағы мобильді топтың жұмысын күшейтіп жатырмыз", - дейді Исаев.

Оның сөзінше, Ақтөбеде коронавирус жұқтырған бүтін бір отбасы мүшелері де кездесіп жатыр. Сонымен бірге "британиялық" штамм да қауіпті күшейткен.

"Британиялық" штамм жарты жыл бұрын Еуропада тіркелді. Елге әкелген туристер болды. Ерекшелігі - бұл штамм тез тарайды әрі қауіпті. Адам көп шоғырланатын жердің өте қауіпті екенін түсінсе дейміз.

Адамдар санитарлық талапты дұрыс сақтамайды. Мұрнын ашып, масканы иегіне тағып жүреді. Кейбірінде түктеніп кеткен. Ұзақ уақыт, 3-4 күн бойы тағып жүргені көрініп тұрады.

Санитар-эпидемиологтарға, дәрігерлерге кінә артуға болмайды. Жаныңда маска тақпаған адамды көрдің бе, ескерту жаса. Осы жолмен бірге күресуіміз керек", - дейді өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906040-keibirinin-maskasy-tuktenip-ketken-aqtobe-oblysynyn-bas-darigeri-adamdardyn-talapty-saqtamaitynyn-aitty/

pixel