Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жауын-шашын болмайды: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Көктем
Көрнекі сурет: pixabay.com

3 сәуірде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Еліміздің басым бөлігі әлі де антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің солтүстігінде және батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстікте найзағай күтіледі.

Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с болып, Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Алматы, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Павлодар, Атырау облыстарының түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с болып, Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906096-zauyn-sasyn-bolmaidy-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel