Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемен тұрғыны лифтінің есігіне қысылып қалды

Опубликовано:

Лифт
Көрнекі сурет: pixabay.com

Өскемендегі ана мен бала орталығында жұмысшы қаза болды. Электр маманы лифтінің есігіне қысылып қалған деп хабарлайды "Хабар 24".

Оқиға орнына дәрігерлер, құтқарушылар мен полицейлер шақырылғанымен 60 жастағы жұмысшыны құтқару мүмкін болмаған.

Дәрігердің айтуынша, лифтіге қысылып қалу салдарынан марқұмның кеудесі жаншылып кеткен.

Қайғылы жағдайға байланысты комиссия құрылып, оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Ал ана мен бала орталығы басшысының айтуынша, жеделсатыны бұдан бірер күн бұрын ғана қызмет көрсетуші компания тексерістен өткізіпті.

"Осы оқиғадан бір күн бұрын лифтіге жауапты компания оны тексеріп шыққан еді, ол туралы акт те бар. Енді бұл оқиға жұмыс сәтінде, жұмыс орнында болғандықтан еңбек инспекциясы тарапынан арнайы комиссия құрылып, өз тексерістерін бастап кетті", - дейді Ана мен бала орталығының бас дәрігері Ермек Омарбеков.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда ер адам қонақ үйдегі лифті шахтасына құлап кеткенін жазған едік. Ол № 1 қалалық ауруханаға жеткізіледі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

"Жабық бас сүйек-ми мен омыртқа жарақаты тіркелген. Кеуде қуысының екі жағы зақымданған. Компьютерлік томография жасалды. Медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған. Тиісті сараптамалар жүргізілуде", - дейді ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906109-oskemen-turgyny-liftinin-esigine-qysylyp-qaldy/

pixel