Қызылордада із-түзсіз кеткен 16 жастағы қыз он күннен бері табылмай жатыр (фото)

Опубликовано:

Ділдә Нугманова
Ділдә Нугманова. Фото: Қызылорда облысы ПД

Қызылорда облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы он күн бұрын балалар үйінен жоғалған қызды әлі іздеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасы жария етті.

"Қызылорда қаласындағы "отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылы" үйінің тәрбиеленушісі 2004 жылғы Нугманова Ділдә Мусабековна 25 наурыз күні сағат 02:00 шамасында тұрғылықты мекенжайынан белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмауына байланысты Қызылорда облысының Полиция департаменті іздеу салады", - деп жазды Ішкі істер министрлігінің ресми Instagram парақшасы.

Жоғалып кеткен жасөспірімнің белгілері: бойы 175 см, шашы қара түсті иығынан түскен, кекілі сары түске боялған. Үстіне қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім киген.

Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз. Тел: 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қызылорда облысының полицейлері кәмелетке толмаған үш жасөспірім қызға іздеу салғанын жазған едік.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 27 наурыз күні кешкі уақытта олардың екеуінің Алматы қаласында жүргені анықталды. Сол кезде екі қыз Алматыдағы балалар үйіне жеткізілген болатын.

Ал үшінші қызды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1906111-qyzylordada-iz-tuzsiz-ketken-16-zastagy-qyz-on-kunnen-beri-tabylmai-zatyr-foto/